Главная » 2015 » Июль » 2 » * * *
18:31
* * *

Бір кездері ОР-ға бардым –
Аяқ тартпай, зорға бардым.
Жүрек, шіркін, сезгендейін,
Жын жиналған торға бардым.

Өлмес Кащей бар еді,
Іші оның тар еді.
Бас редактор болуға
Ол қашан да зар еді.

Десем, Кащей-өлместің
Жоспарына енбеспін,
Шәкірттері ОР-дағы
Құрған торын енді естім.

Лаңға батқан Лаңсая,
Шаңға батқан Шаңсая,
Жас кезі ғой Мыстанның –
Қанішерім Қансая.

Жезтырнағы жанында,
Жауыздығы қанында.
Мүмкін емес адам боп
Қалу оның маңында.

Жүректерін май басқан,
Жақсылармен айқасқан.
Жезтырнақпен Майжанмен
Пайдасы жоқ шайқасқан.

Қастарында қарабет,
Адам емес, арам ед:
Мәнібек пе, Бұрыш па –
Тұла бойы харам ет.

«Сәлем – сөздің анасы» –
Білмес елдің шаласы.
Жын-ойнақта жүрген соң,
Төмен бұның санасы.

Міне, ОР-дың жұмбағы,
Санасыздың жын-бағы.
Торға түскен Әсекең
Мойымады, сынбады...

Әсет ӘССАНДИ.

 
Просмотров: 310 | Добавил: assandi | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar