Главная » 2015 » Июль » 3 » * * *
09:49
* * *
Ар деген не? Ұят деген не? Соңғы кездері осы сөздердің мәні мен мағынасы ауысып кеткен бе деп қаламын. Мәселен, Берік Уәли тендер ойнатуды бөліске салып, мемлекеттің қаражатына қол сұғатын болса, ол ұят емес. Ал, бұл тірлігінің әділсіздігін шырқырап біреу айтып жатса, ол – ұят. Берік облыстық бір басқарманың басшысы бола тұра, жазған бір жапырақ қағазында 90-нан астам қате жіберсе, ол ұят емес. Ал, сол қателерін басып бетіне айту – ұят. Бойын алалаушылық билеген Берікті сынаған адам «қазақ қазақты артқа тартатынға» айналады. Сонда бүкіл облыстың қазағын мазақ қылып отырған адам «қазақты артқа тартпайды» ғой?!
Құрметсіз, беделсіз Беріктің жағымпаздары! Біреуді қорғаштап алғыларың келсе, оны шалыс басқаннан сақтандырып, түзу жолға қадам бағыттағанына мұрындық болыңдар! Қоғамымызға қосқан үлесіміз сол болсын, арамды адалға айналдырайық!
 
Просмотров: 351 | Добавил: assandi | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar