Главная » 2015 » Июль » 5 » * * *
20:28
* * *

Айналама қарасам – жақсы адам толып жүр,

Жамандарға тек қана жемтік-құрбан болып жүр.

Ғайбат, өсек, қиянат – жамандардың серігі,

Жақсылардың ойына ғибрат қана қонып жүр.

 

Аяқ шалса жамандар – жақсыларым сүйрейді,

Алғыс айтса жақсылар  – жамандарым түйрейді.

Жақсыларға, ағайын, демеу болсын бар қазақ –

Басым болса жамандар, Ұлы Далам күйрейді...

 

(Әсет ӘССАНДИ).

 
Просмотров: 328 | Добавил: assandi | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar