Главная » 2015 » Июль » 8 » Алаяқтан сақ болыңыздар!
23:21
Алаяқтан сақ болыңыздар!

Атақты алаяқ Ағайбек ауылын қойып, аудандарды аралауға көшкелі қай заман. Асқан алаяқтығы үшін 5 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылған Датқаев өзі сыналған «Саясат-ақпарат» газетінің атынан Мақтаралдағы бірқатар мекемелерді «тексеруге» бел шеше кірісіпті. Дәл бүгін Жетісайға жеткен «жетпегірдің» шын мәнінде кім екенін білмейтін мекеме басшылары оның алдында құрдай жорғалап жүргенге ұқсайды. Сынақ мерзімінде жүрген сайрамдықтың Мырзашөлде не бітіріп жүргенін білетін азамат болса, 102 телефонына хабарласқандары дұрыс болар. Сынақ мерзімі аяқталмаған алаяқтың басқан қадамын қадағалауға тиіс Сайрам ауданының полиция қызметкерлері оның емін-еркін үш күндеп, төрт күндеп алыс-жақын аудандарға барып жүргенінен бейхабар ма деп қаласың. Сонда «тексерушіні» тексеретіндер не бітіріп отыр?

 
Просмотров: 362 | Добавил: assandi | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar